Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған Лебяжі ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған халықтың нысаналы топтарындағы тұлғаларды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгіленсін.
3. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Жанғазинов |
Лебяжі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 276/12 қаулысына 1-қосымша |
2016 жылға арналған Лебяжі ауданының аумағында
тұратын, халықтың нысаналы топтарына
жататын тұлғалардың қосымша тізбесі
2016 жылға арналған Лебяжі ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі:1) дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасы бойынша еңбекке шектеуі бар тұлғалар;
2) 50 жастан асқан тұлғалар;
3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
4) бірде бір мүшесі жұмыс істемейтін отбасынан шыққан жұмыссыз тұлғалар.
Лебяжі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 276/12 қаулысына 2-қосымша |
2016 жылға арналған халықтың нысаналы топтарындағы
тұлғаларды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар
2016 жылға арналған халықтың нысаналы топтарындағы тұлғаларды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар:1) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) тұлғаларға қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі олардың зейнеткерлік жасына келуіне дейін ұзартылсын;
2) қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі бір жылға дейін белгіленсін:
мүгедектерге;
зейнеталды жасындағы тұлғалардан (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) басқа, дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамалары бойынша еңбекке шектеуі бар тұлғаларға.