Жамбыл ауылдық округі Широкое ауылының аумағында шектеу іс-шараларын алу және Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы "Жамбыл ауылдық округі Широкое ауылының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" № 1-16/01 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 1-16/01 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 15 ақпандағы № 2-18/40 ұсынысы негізінде, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жамбыл ауылдық округі Широкое ауылының аумағында жануарлардың лейкоз ауруын жою бойынша барлық ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар және залалсыздандыру жұмыстары кешенінің орындалуына байланысты шектеу іс-шаралары алынсын.
      2. Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы "Жамбыл ауылдық округі Широкое ауылының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" № 1-16/01 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 27 ақпанда № 4326 болып тіркелген, аудандық "Аққу үні" газетінде 2015 жылғы 14 наурызда № 10 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Ауылдық округ әкімі Н. Айтуғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады