Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жануарлардың лейкоз ауруының анықталуына байланысты Жамбыл ауылдық округінің Широкое ауылының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Ауылдық округ әкімі | Н. Айтуғанов |
Келісілді | |
Қазақстан Реcпубликасы | |
Ауыл шаруашылығы | |
Министрлігі ветеринариялық | |
бақылау және қадағалау | |
Комитетінің Лебяжі | |
аудандық аумақтық | |
инспекциясының басшысы | |
2015 жылғы "23" ақпан | Ғ. Сағалов |