1. Аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Успен ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 08 қыркүйектегі "Успен ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" № 283/9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 16 қыркүйекте № 4022 болып тіркелген, "Апта айнасы" газетінде 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 38 номерінде жарияланған);
2) Успен ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 ақпандағы "Успен ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидаларын бекіту туралы" № 48/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 ақпанда № 3715 болып тіркелген, "Апта айнасы" газетінде 2014 жылғы 28 ақпандағы № 9 номерінде жарияланған);
3) Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы "Успен ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 130/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 29 маусымда № 4556 болып тіркелген, "Аймақ ажары" газетінде 2015 жылғы 11 шілдедегі № 27 номерінде жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Демеуов |