Успен ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 08 қыркүйектегі № 283/9 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 қыркүйекте № 4022 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 4/1 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 29.01.2016 № 4/1 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға жұмыс орындар квотасы аудандағы жалпы жұмыс орындар санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға жұмыс орындар квотасы аудандағы жалпы жұмыс орындар санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      3. Кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасы аудандағы жалпы жұмыс орындар санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      4. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін жұмысқа жолдағанда осы қаулыны басшылыққа алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарына жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің м.а. Б. Жүсіпбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады