РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" N 651 Жарлығын орындау үшін Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Успен ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі м.а. | Б. Жүсіпбаев |
Успен ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "14" ақпан N 48/2 қаулысымен бекітілді |
Успен ауданының жергілікті атқарушы органдары
мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Успен ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының осы қағидалары (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" N 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" N 651 Жарлығына сәйкес әзірленді.2. Осы Қағиданың әрекеті аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Успен ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілеріне қатысты.
3. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Успен ауданының жергілікті атқарушы органдары басшылары мемлекеттiк қызметшiлердің Қағидалармен таныстырылуын, Қағидалар нормаларының сақталуын, Қағида мәтінінің Успен ауданының жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық стендтерінде орналастырылуын қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы қағидалары
4. Мемлекеттiк қызметшiлер:1) қызметтік міндеттерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, мораль мен ар-ұяттың жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес жауапкершілікпен және адал атқаруға, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі мен осы қағида нормаларын мүлтіксіз сақтауға;
2) мемлекеттiк билiктiң беделiн, мемлекет институттарға азаматтардың сенімін нығайтуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын сақтауға, мемлекеттің мүддесін қорғауға;
3) өзіне талап қоя білетін, принципшіл, шыншыл және турашыл болуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне және басқа құқық бұзушылықтарға төзімсіз болуға;
4) өздерінің құзыреттері шегінде шығарған басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларын, жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың шешімдері мен нұсқауларын сапалы және уақтылы орындауға;
5) қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау нормаларын ескере отырып, жұмыс уақытын еңбек өнімділігі үшін тиімді пайдалануға, денсаулығына және жеке басының немесе жұмыстағы әріптестерінің қауіпсіздігі үшін қауіп-қатерлі болуы мүмкін кез келген оқиға туралы хабардар етіп отыруға;
6) мемлекеттік қызметшілер ретінде өзінің, сондай-ақ мемлекеттік органның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасамауға;
7) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде киiмнiң iскерлiк қалпын ұстануға;
8) қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.
3. Жеке және заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынас
5. Мемлекеттік қызметшілер:1) егер мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын болса, мемлекеттік қызметтер туралы заңнамада қарастырылған тәртіпте жеке және заңды тұлғаларға нақты, уақтылы, тиімді қызмет көрсету бойынша шаралар қабылдауға;
2) жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып отыруға;
3) жеке және заңды тұлғаларға төзімділікпен және құрметпен қарауға;
4) жеке және заңды тұлғаларға қатысты немқұрайлыққа және ұқыпсыздыққа жол бермеуге;
5) шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, наным-сеніміне, тұрғылықты жеріне қарай немесе кез келген өзге де себептермен жеке және заңды тұлғалардың беделін түсіруге жол бермеуге тиіс.
4. Әріптестерімен өзара қарым-қатынас
6. Мемлекеттік қызметшілер:1) әріптестеріне қатысты сыпайылық және әдептілік танытуы тиіс;
2) әріптестеріне ресми түрде өтініш білдіруге;
3) жұмыстағы әріптестерімен қарым-қатынас кезінде қатыгез мінез-құлық танытуға, сондай-ақ балағат сөздерді пайдалануға жол бермеуге;
4) әріптестерінің және басшылықтың сыны мен ескертулерін дұрыс қабылдауға, сондай-ақ жіберілген қателіктерін дер кезінде мойындай білуге;
5) шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, наным-сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де себептерге қарамастан әріптестерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
6) қажет болған жағдайда әріптестеріне кеңес беру немесе бұзушылыққа жол бермеу туралы ескерту арқылы көмек көрсетуге;
7) бөтен адамның идеялары мен бастамаларын иеленуден бас тартуға;
8) қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге;
9) адами қасиеті мен кәсіптік шеберлігіне нұқсан келтіретін әріптестері туралы ақпарат таратпауға;
10) әріптестеріне қатысты орынсыз мінез-құлық көрсетуге жол бермеуге тиіс.
5. Басшыларының мінез-құлық қағидалары
7. Басшылар:1) ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға және сақтауға, қарамағындағылардан жоғары моральдық-психологиялық, адамгершілік және кәсіптік шеберлік қасиеттерін тәрбиелеуге;
2) қарамағындағылардың адами қасиетін құрметтеуге, оларға қатысты әділдік танытуға;
3) функционалдық міндеттерді атқаратыны және тиісінше атқармайтыны үшін бірдей талаптар қоюға;
4) ұжымдағы еңбек тәртібінің, моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін жүйелі түрде талдау жасап отыруға;
5) жоғары тұрған басшыға қарамағыңдағылар жасаған қылмыстар, құқық бұзушылықтар және еңбек тәртібін бұзу туралы дереу баяндап отыруға тиіс.