"Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 2/278 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) туралы Ереже бекітілсін.
      2. Басқарма осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін, одан кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жарияласын.
      3. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 1/11 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1126 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 ақпанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 15 маусымдағы
№ 2/278 қаулысымен бекітілді

"Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағындағы мәдениет, архив ісі және құжаттама саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Алматы қаласының Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, егер оған қолданыстағы заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      6. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
      9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Управление культуры и архивов города Алматы".
      10. Осы Ереже "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және Алматы қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      12. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының міндеттерін орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары және
құқықтары мен міндеттері

      13. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы "Мәдениет туралы" Заңына сәйкес "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Алматы қаласының мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру, архив қоры құжаттарын сақтауды, толықтыруды, есепке алуды және пайдалануды қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерінің сапасы мен тиімділігін арттыру.
      14. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Заңының 15-1, 18, 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-2 бабына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы "Мәдениет туралы" Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 6, 7, 8, 9, 10, 16 баптарына, 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес белгіленген:
      1) Алматы қаласы аумағында мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, архив ісі және құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      2) Алматы қаласы аумағында мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, архив ісі және құжаттама саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
      3) Алматы қаласы мәдениет мекемелерінің қызметін театр, музыка, цирк және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметін және халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша қызметін қолдау және қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер.
      15. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138 бабына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Заңының 15-1, 18, 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-2 бабына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы "Мәдениет туралы" Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 6, 7, 8, 9, 10, 16 баптарына, 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес белгіленген:
      1) шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында өңірлік байқауларды,
      фестивальдер мен конкурстарды ұйымдастырады;
      2) мәдени құндылықтардың есебін алу, сақтау, реставрациялау, консервациялау, регенерациялау, пайдалану және насихаттау бойынша жұмыстарға басшылық ету, бақылау жасау және жүргізу арқылы тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету, жоғары тұрған органдардың алдында тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, сақтау және пайдалану туралы заңнаманың нормаларын бұзатын лауазымды тұлғаларды, кәсіпорындар мен ұйымдарды және азаматтарды жауапқа тарту, сондай-ақ еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру туралы өтініш білдіреді;
      3) мәдени құндылықтарды уақытша әкету бойынша сараптама комиссиясын құрады, сондай-ақ мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге құқық беретін куәлік береді;
      4) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдары қызметінің мониторингін жүзеге асырады, және уәкілетті органға ақпаратты, сондай-ақ белгіленген үлгідегі статистикалық есепті береді;
      5) мәдениет және архив саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады, сондай-ақ өз құзыреті шегінде коммуналдық меншікті басқару саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді;
             6) қазақтың ұлттық мәдениетін, республика халықтарының мәдениетін және әлемдік мәдениеттің дамуына белсене жәрдемдеседі;
      7) шығармашылық Одақтармен, қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасады;
      8) қала халқының барлық топтары үшін театр-концерттік іс-шаралардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және гастрольдер, фестивальдер, байқаулар, ұлттық, мемлекеттік мерекелерді, мерейтойлық және мәдени-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру жолымен театр-көріністік және концерттік ұйымдардың қызметіне қолдау көрсетеді;
      9) мәдениет жүйесіндегі жаңалықтарды іздестіру, зерттеу, оларға сараптама жасау, жаңа ұсыныстарды эксперименттік байқауды ұйымдастыру жолымен мәдениет саласындағы ұйымдастыру мен басқару қызметінің мәселелері бойынша отандық және шетелдік озық тәжірибені енгізуге жәрдемдеседі;
      10) жас дарындарға, қызметкерлерге, мәдениет және өнер қайраткерлеріне қолдау көрсетеді;
      11) мәдениет мекемелерінің жеткіншек ұрпақты рухани, адамгершілік және эстетикалық жағынан тәрбиелеу бойынша рөлін арттырады;
      12) егер актілермен көзделген болса, мәдениет және архивтер қызметкерлерін және мәдениет мекемелерінің басқа да мамандарын аттестациядан өткізеді;
      13) мәдениет және архив мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға есептер ұсынады;
      14) бауырлас қалалармен, тәуелсіз мемлекеттер достастығы және шет елдердің қалаларымен мәдени байланыстарды дамытады;
      15) ұлттық мәдениетті және Қазақстан халықтарының мәдениетін сақтайды, дамытады, таратады;
      16) мәдени-рухани дамудың жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған әртүрлі өнер шығармаларын жасауды қамтамасыз ететін халықаралық, республикалық, қалалық мәдени және басқа да іс-шараларды өткізеді;
      17) ішкі саяси тұрақтылықты, азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді, қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған халықаралық, республикалық, қалалық іс-шараларды және басқа да іс-шараларды, акцияларды, конкурстарды өткізеді;
      18) бұқаралық ақпарат құралдарымен мәдениетті насихаттау және дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық жасайды;
      19) қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және басқа да ұйымдармен Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
      20) мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау бойынша шаралар әзірлеу және жоғары тұрған мемлекеттік органдарға мәдениет қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ведомстволық наградаларымен марапаттау туралы өтініш білдіреді;
      21) алдағы қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді әзірлейді және уәкілетті органның қарауына ұсынады;
      22) қаланы көркем безендірудің Тұжырымдамасын әзірлейді және бекітеді;
      23) гендерлік аспектілерді қарайды;
      24) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
      25) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн тану және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу жұмыстарын жүргізеді;
      26) жергілікті маңызы тарихи-мәдени мұра ескерткішін мәртебесінен айыру және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығару жұмыстарын жүргізеді;
      27) ұлттық-мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді.
      28) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату және мемориалдық тақта орнату жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.
      29) тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беруді келісу жұмыстарын жүргізеді.
      30) Алматы қаласы аумағында архив ісінде және құжат жасауда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
      31) сақтауға қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;
      32) мемлекеттік архивте сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
      33) коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;
      34) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
      35) Алматы қаласы аумағында орналасқан, Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және бақылау жасау;
      36) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;
      37) Сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту;
      38) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті архивтік құжаттарды электрондық нысанға аударуды қамтамасыз ету;
      39) құпиялық режимін қамтамасыз ету және құпия іс жүргізуді ұйымдастыру;
      40) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында өз құзыретінің шегінде мынадай құқықтарға ие:
       1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
       2) уәкілетті органмен келісе отырып, шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізуді ұйымдастыруға құқылы;      
      3) қала аумағында Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ведомстволық бағыныстағы мәдениет ұйымдарының және ведомстволық бағыныстылығына және меншік түрлеріне қарамастан басқа да мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
      4) "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысындағы кәсіпорындардың қаржыландыру жоспарларын, сметалық есептерін қарау, келісу, бекіту;
      5) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне, Алматы қаласының әкіміне және қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына ұсыныс енгізу;
      6) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелері бойынша ұсыныс енгізу;
      7) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56 бабында белгіленген тәртіпте сотқа талап-арыз беру;
      8) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді атқару.

3. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылық етуді "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жеке жауап беретін бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Алматы қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
      19. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. Бірінші басшының өкілеттіктері:
      1) "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
      2) өз орынбасарлары мен "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері басшыларының міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;
      3) "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін жеке жауапкершілікте болады;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
      5) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жазалар қолданады;
      6) "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және оның бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
      7) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      8) өз өкілеттіктерінің шегінде бұйрықтар шығарады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы орнында болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
      21. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

4. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы заңнамамен көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен қалыптастырылады.
      23. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітіліп берілген, қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату

      25. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады