1. "Петропавл қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қаңтардағы № 34 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік-құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 3074 тіркелген, 2015 жылғы 13 ақпандағы № 6 (532) "Қызылжар нұры" және 2015 жылғы 13 ақпандағы № 6 (578) "Проспект СК" газеттерінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | М. Тасмағанбетов |