Петропавл қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 34 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда N 3074 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы N 259 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 12.02.2016 N 259 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабы 1) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50–тармағына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Петропавл қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеудің қоса берілген Қағидасы бекітілсін.
      2. Кейіннен оның ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялануымен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуі жүргізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Петропавл қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап құқықтық қарым-қатынасқа таралады.
      Қала әкімі М. Тасмағанбетов

  Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 ж. 09 01 № 34 қаулысымен бекітілді

Петропавл қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлеме есебінің Қағидасы

      1. Петропавл қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға ) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлеме есебінің осы Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларының 50 – тармағына сәйкес әзірленді және Петропавл қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлеме есебінің тәртібін айқындайды.
      2. Заңды тұлғалардың қалалық коммуналдық теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін мүліктік жалға беру кезіндегі жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу құрылыс түрін, тұрғын емес қорының түрін, жайлылық дәрежесін, аумақтық орналасуын, жалдаушының қызмет түрін, ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісін есепке алатын базалық мөлшерлеме және қолданылатын коэффициенттердің негізінде осы Қағиданың № 1 қосымшасына сәйкес анықталады және келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Ап – жылына республикалық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Рбс – 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;
      S – жалға алынатын алаң, шаршы метр, ғимаратта бөлмелердің бөлігін жалдауды есептеу кезінде мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін алаңның 25% көлемінде осы алаңдарды жалдаушымен ортақ пайдаланылатын орындарға рұқсат етілетіндерді есепке алу қажет;
      Кт - құрылым түрін ескеретін коэффициент;
      Кк – тұрғын емес қор түрін ескеретін коэффициент;
      Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф – жалдаушының ұйымдастыру – құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      3. № 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін қоспағанда, көлік құралдарын, жабдықтарды және басқа да қалалық коммуналдық меншік мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ақысын есептеу.
      Мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін қоспағанда, көлік құралдарын, жабдықтарды және басқа да қалалық коммуналдық меншік мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің жылдық ақысы төмендегідей болып белгіленеді:
      Ар = С х К1 х К2,
      мұнда Ар –жалдау ақысының жылдық мөлшерлемесі;
      С – жалдаудың жылдық базалық мөлшерлемесі, тең қолданылады С=(Sбал.* Nаморт.),
      мұнда:
      S бал. - тапсырылатын объектінің бастапқы құны; N аморт. - жылдық тозу нормасы, Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтер амортизацияларының шекті нормалары негізінде анықталады.
      К1 - Пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент
      К2 - Пайдалану жағдайын ескеретін коэффициент
      4. Коэффициент кестеде болмаған жағдайда, 1,0-ге тең коэффициент қабылданады.

  Петропавл қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларына қосымша

      Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға беру (жалдау) кезіндегі құрылыс түрін, тұрғын емес қорының түрін, жайлылық дәрежесін, аумақтық орналасуын, жалдаушының қызмет түрін, ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісін есепке алатын базалық мөлшерлеме және қолданылатын коэффициенттердің көлемі

№ п/п
 
Базалық мөлшерлеме
 
 
 
Әкімшілік - аумақтық бірлік
 
Базалық мөлшерлеме мөлшері
 
1
 
Петропавл қаласы
 
сәйкес жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіші
 

      

№ п/п
 
Коэффициент түрлері
 
Коэффициент мөлшері
 
1
 
Құрылым түрін ескеретін коэффициент (Кт):
 
 
 
1.1 кеңселік
 
1,0
 
1.2 өндірістік
 
0,8
 
1.3 қойма, гараж, қазандық
 
0,6
 
1.4 спорт ғимараттары (стадиондар, спорттық залдар)
 
0,7
 
2
 
Тұрғын емес қордың түрін ескеретін коэффициент (Кк)
 
 
2.1 жеке тұрған құрылыс
 
1,0
 
2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі
 
0,9
 
2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі
 
0,7
 
2.4 жертөле бөлігі
 
0,6
 
3
 
Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск)
 
 
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен қамтамасыздандыру, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1-ге азаяды
 
1,0
 
4
 
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):
 
 
4.1 Петропавл қаласы үшін
 
2,0
 
5
 
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):
 
 
5.1 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін
 
3,0
 
5.2 банктердің, "Казпочта" АҚ есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін
 
2,5
 
5.3 жаттығу залдарын, фитнес - клубтарын, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шеберханалар ұйымдастыру үшін
 
2,0
 
5.4 қоғамдық тамақтандыруды, қонақ үй қызметтерін, сауда немесе делдалдық сауда қызметтерін ұйымдастыру үшін надо во множ. Числе фитнес клубтары
 
2,0
 
5.5 оқу орындарында қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру үшін
 
0,5
 
5.6 білім, балалар мен жасөспірімдер үшін дене тәрбиесі және спорт, денсаулық сақтау және мәдениет саласында қызметтерді көрсету үшін (оқушылар үшін мектептен тыс, үйірмелік, компьютерлік сыныптар)
 
1,0
 
5.7 өндірістік қызметтер үшін
 
2,0
 
5.8 гараж, қойма, сақтау камераларының бөлмесі үшін
 
2,0
 
5.9 басқалары үшін
 
1,5
 
6
 
Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):
 
 
6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін
 
0,9
 
6.2 акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары және мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органның жазбаша растауын ұсынған жағдайда, бюджеттік бағдарламаларды орындаудан кірістің кем дегенде 90 пайызын алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін
 
0,8
 
 
6.3 қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес ұйымдар үшін
 
0,5
 
6.4 қалғандары үшін
 
1,0
 
 
 
 

      

  Петропавл қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларына №2 қосымша

№ п/п
 
Коэффициент түрі
 
Коэффициентмөлшері
 
1
 
Пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент К1
 
 
Автокөлік құралдары;
- 1 жылдан 5 жылға дейін пайдаланылғанда
- 5 жылдан артық пайдаланылғанда
 
1,2
1,0
 
жабдықтар және басқа мүлік.
- 1 жылдан 7 жылға дейін пайдаланылғанда
- 7 жылдан артық пайдаланылғанда
 
1,2
1,0
 
2
 
Пайдалану жағдайын ескеретін коэффициент К2
 
 
Автокөлік құралдары, жабдықтар және басқа мүлік
- облыс орталығы аумағында пайдаланылғанда
- облыстың басқа аумақтарында пайдаланылғанда
 
1,4
1,0
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады