Жекелеген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі N 860 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 мамырда N 2292 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы N 974 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 18.05.2016 N 974 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-2), 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
      1) мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде;
      2) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде;
      3) интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімінің м.а. Қ. Ғалеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады