Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 09 сәуірдегі № 175 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар белгілеу туралы" қаулысының күші жойылғанын тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы N 21 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына, 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 09 сәуірдегі № 175 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар белгілеу туралы" қаулысының күші жойылғаны танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 15 мамырда № 2778 тіркелген, 2014 жылдың 22 мамырында №11 (А) "Бірінші сөз" және 2014 жылдың 22 мамырында №11 (А) "Первое слово" газеттерінде жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Айыртау ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә.Ә.Ғаббасовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Тастеміров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады