"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының Тізбесін анықтау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 270 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 5 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабы 2 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1."Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының Тізбесін анықтау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 270 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 2938 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелді, 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 40 (441) "Есіл таңы", 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 40 (8727) "Ишим" газеттерінде жарияланды).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Бектасоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның бірінші ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің м.а. Ә.Бижанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады