Азаматтық қызметшi болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 тамыздағы N 270 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 қыркүйекте N 2938 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы N 5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 18.01.2016 N 5 қаулысымен (бірінші ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметшi болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. "Аудандық бюджет қаражаты есебiнен қалалық жағдайда қызметтiң осы түрiмен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тiзiмiн белгiлеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 тамыздағы № 186 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2009 жылғы 2 қыркүйекте № 13-6-124 тiркелдi, 2009 жылғы 18 қыркүйекте № 38 (170) "Есіл таңы", 2009 жылғы 18 қыркүйекте № 39 (8447) "Ишим" газеттерiнде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы Есіл ауданы әкiмiнiң орынбасары Айнагүл Кәкімжолқызы Бектасоваға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Есіл ауданы
әкімінің м.а.
Қ. Ақмамбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
мәслихатының хатшысы
Төлеген Күпашұлы Мұқашев
      2014 жылғы 21 тамыз

  Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 21 тамыздағы
№ 270 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
      2) барлық мамандықтардың орташа медициналық ұжымы, оның ішінде:
      медициналық бике;
      емдәм бике;
      мамандандырылған медбике;
      әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
      медициналық зертханашы;
      акушер;
      тіс дәрігері;
      тіс технигі;
      рентген зертханашы;
      зертханашы;
      фармацевт;
      фельдшер;
      фельдшер(-зертханашы).
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
      2) күту жөніндегі әлеуметтік жұмыскер;
      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;
      4) қызметпен қамту маманы;
      5) әлеуметтік жұмыскер.
      3. Білім саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме басшысы;
      2) қазыналық кәсіпорын басшысы;
      3) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме басшысы;
      4) мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорын басшысы;
      5) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
      6) қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
      7) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
      8) мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
      9) мұғалім;
      10) әлеуметтік педагог;
      11) педагог-психолог;
      12) барлық атаулардың оқытушысы;
      13) тәрбиеші;
      14) тәрбиешінің көмекшісі;
      15) музыкалық басшы;
      16) қосымша білім педагогы;
      17) мәдени ұйымдастырушы;
      18) әдістемелік бөлменің басшысы;
      19) әдіскер;
      20) өндірістік оқыту шебері;
      21) үйірме басшысы;
      22) медициналық бике;
      23) кітапханашы;
      24) аға вожатый;
      25) зертханашы;
      26) кітапхананың меңгерушісі;
      27) интернаттың меңгерушісі;
      28) психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;
      29) шеберхананың меңгерушісі;
      30) БӘД оқытушы-ұйымдастырушы;
      31) жаттықтырушы;
      32) оқу бөлімінің хатшысы;
      33) психолог.
      4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) директор;
      2) балалар кітапханасының меңгерушісі;
      3) әдістемелік-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі;
      4) әдіскер;
      5) кітапханашы;
      6) библиограф;
      7) әдебиетті өңдеу және орналастыру жөніндегі редакторы;
      8) ансамбль басшысы;
      9) аккомпаниатор;
      10) көпшілік іс-шаралар инструкторы;
      11) хор дирижеры;
      12) суретші-көркемдеуші;
      13) дыбыс операторы;
      14) хореограф;
      15) мәдени ұйымдастырушы;
      16) музыкалық оқытушы.
      5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) басшы;
      2) директор;
      3) басшы орынбасары;
      4) оқу ісі жөніндегі директор орынбсары;
      5) спорт жөніндегі әдіскер;
      6) жаттықтырушы-оқытушы.
      6. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) ветеринарлық санитар;
      2) ветеринарлық фельдшер;
      3) мал дәрігері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады