"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 09 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 6 шешімінің (2016 жылғы 8 сәуірдегі № 3699 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 18 (636) "Қызылжар" газетінде, 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 18 (5573) "Маяк" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      Қызылжар ауданының әкімі Б. Жұмабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады