Атырау қалалық әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 510 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабын басшылыққа алып, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қалалық әкімдігінің:
      1) 2012 жылғы 20 маусымдағы № 1006 "Атырау қаласы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 26 маусымында № 4-1-166 болып тіркеліп, 2012 жылдың 5 шілдесінде облыстық "Атырау" газетінің № 76-77 (19460) санында жарияланған);
      2) 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 1 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 29 қаңтарында № 3098 болып тіркеліп, 2015 жылдың 3 ақпанында облыстық "Атырау" газетінің № 12 (19845) санында жарияланған);
      3) 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 2316 "Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 1006 "Атырау қаласы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 29 желтоқсанында № 3413 болып тіркеліп, 2016 жылдың 27 қаңтарында облыстық "Атырау" газетінің № 7 (19990) санында жарияланған) қаулыларының күші жойылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Қала әкімі Н. Ожаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады