Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 және 7 баптарына сәйкес, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік түріне қарамастан Атырау қаласы аумағындағы барлық кәсіпорын, мекеме және ұйымдардағы жұмыс орындары жалпы санының:
1) орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде;
2) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін бір пайыз мөлшерінде жыл сайынғы квота белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 23.12.2015 № 2316 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А.С. Қарабаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Қала әкімі | А.А. Керімов |