Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-5 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қызылқоға ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы № XXXVIII-3 шешімі

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармақшасына сай, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-5 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қызылқоға ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3388 санымен тіркелген, аудандық "Қызылқоға" газетіне 2015 жылдың 31 желтоқсанда № 52 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім аудандық "Қызылқоға" газетіне жариялансын.
      Сессия төрағасы: А. Қарабалин
      Аудандық мәслихат хатшысының
өкілеттігін уақытша атқарушы:
М. Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады