Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қызылқоға ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-5 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 желтоқсанда № 3388 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы № XXXVIII-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 26.01.2016 № XXXVIII-3 шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық кодексінің 387-бабы 1-1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қызылқоға ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері және жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
       Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, құқық қорғау және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Қ. Қоданов) жүктелсін.
       Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
мәслихат хатшысы:
Т. Бейсқали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады