1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 344 "Мақат ауданы әкімдігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2846 санымен тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінің 2014 жылғы 23 қаңтарда № 3 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Мақат ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Бухарбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Аудан әкімі | Б. Сарсенгалиев |