"Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 347 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қарашада № 2878 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 36 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 19.02.2016 № 36 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/137-V "Оңтүстік Қазақстан облысын басқару схемасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы"" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 31/247-V шешіміне, "Мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы" облыс әкімдігінің 2014 жылғы 2 қазандағы № 316 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ә.Қаныбековке жүктелсін.
      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы "27" қазандағы № 347 қаулысына
қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, облыс әкімдігінің қаулыларына, облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Республика даңғылы, 12 а, индексі 160019.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы", "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы", "Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемелерінің барлық мүліктік құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      облыс аумағында мектепке дейінгі, жалпы орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі мемлекеттік басқару қызметін іске асыру және балалардың құқығын қорғау;
      білім беру, тiлдердi дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру.
      16. Міндеттері:
      1) "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне кіретін салаларда Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, орталық атқарушы органдардың, облыстық мәслихат пен әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз ету;
      3) тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
      4) жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы мен мәдени бос уақыты мен демалысы үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету.
      17. Функциялары:
      1) балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ету;
      2) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз ету;
      3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
      4) облыс әкімдігіне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту жөнінде ұсыныс енгізу;
      5) облыс әкімдігіне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөнінде ұсыныс енгізу;
      6) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;
      7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      8) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджет қаражатының кемiнде бiр пайызы мөлшерiнде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;
      9) мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн қағаз және электрондық жеткiзгiштерде оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алу және жеткiзудi қамтамасыз ету;
      10) облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету;
      11) балаларға облыстық деңгейде жүзеге асырылатын қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
      12) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      13) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;
      14) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
      16) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету;
      17) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсыну;
      18) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізу;
      19) білім беру мониторингін жүзеге асыру;
      20) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      21) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасау;
      22) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсету;
      23) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
      24) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру мекемелеріне "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлеу;
      25) мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
      26) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
      27) облыс әкімдігіне, үлгілік қабылдау ережелерінің негізінде, білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарында тұратын барлық балаларды қабылдауды қамтамасыз ететін мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін бекіту туралы ұсыныс енгізу;
      28) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және облыс әкімдігінің бекітуіне енгізуді ұйымдастыру;
      29) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және облыс әкімдігінің бекітуіне енгізу;
      30) облыс әкімдігіне мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басын қаржыландыру мен ата-аналық төлемнің мөлшерін бекіту туралы ұсыныс енгізеді;
      31) балаларға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;
      32) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгілеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
      33) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
      34) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастырады;
      35) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтiн, емдейтiн және соған ұқсас басқа да мекемелердегi баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғайды;
      36) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырады;
      37) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      38) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      39) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
      40) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      41) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асырады;
      42) облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді;
      43) облыста мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөнiндегі консультациялық-кеңесшi органдарын құру және олардың қызметiн қамтамасыз етеді;
      44) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орындарының оқу-өндiрiстік базасында жастардың кәсiпкерлiк қызметiн ұйымдастыруға жәрдемдесу арқылы жастардың кәсiпкерлік қызметін мемлекеттiк қолдау;
      45) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, конференциялар, семинарлар мен өзге де оқыту нысандарын ұйымдастыру және мамандармен білім беру саласында тәжірибе алмасу;
      2) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдармен бірлесіп іс-қимыл жасау, олардан өзінің функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату және алу, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарға жедел ақпарат ұсыну;
      3) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар шығару;
      4) өзінің құзыреті шегінде ұйымдар құру, қайта құру және тарату жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын іске асыруға дербес жауапты болып табылатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      22. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру және басшылық жасау;
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды, облыс әкімінің және облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын жүзеге асыруға жеке жауапты болу;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының, "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтау;
      4) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін, сондай-ақ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан сенiмхатсыз әрекет ету;
      6) мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін бiлдiру;
      7) шарттар жасасу;
      8) сенімхаттар беру;
      9) банктік шоттар ашу;
      10) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
      11) "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерiне, қарамағындағы мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және оларды тәртіптік жазаға тартады;
      12) сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы күресті күшейту бойынша қажетті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін дербес жауапты болу;
      13) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігімен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      25. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекiтiлген мүлiкті және оған қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебінен сатып алынған мүлiкті өз бетімен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру мен қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің және оның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
      Коммуналдық мемлекеттік мекемелер:
      1) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Қазығұрт ауданының "Мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Дарын" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын № 1 мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Мақтарал ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан "Дарын" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Шардара ауданының № 3 мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Сарыағаш ауданының № 4 мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Жамбыл Қаппаров атындағы № 5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған № 8 гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Маржан Тасова атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған № 12 мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 1 қазақ-түрік ер балалар лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 2 қазақ-түрік қыз балалар лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 3 Кентау қазақ-түрік ер балалар лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Батырбек Өтеп атындағы "Өнер" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Оңтүстiк Қазақстан облыстық ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      19) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Мақтарал ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      20) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Мақтарал ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      21) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Шымкент қаласының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      22) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Отырар ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      23) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Арыс қаласының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      24) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Төлеби ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      25) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Созақ ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      26) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының Түлкібас ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      27) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Сайрам ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      28) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Сарыағаш ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      29) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Бәйдібек ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      30) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Кентау қаласының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      31) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Түркістан қаласының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      32) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Ордабасы ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      33) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Шардара ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      34) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Қазығұрт ауданының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      35) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      36) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Жетісай қосалқы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      37) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Леңгір көмекші мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      38) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Сайрам көмекші мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      39) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгір қосалқы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      40) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Шымкент қосалқы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      41) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Түркістан көмекші мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      42) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      43) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Шымкент № 1 саңырау балалардың мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      44) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Естімейтін балаларға арналған № 2 мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      45) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Көзі нашар көретін балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      46) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Ленгір тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған көмекші мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      47) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 11 санаторий типтес арнаулы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      48) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      49) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      50) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Бауыржан" отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      51) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 3 Шымкент балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      52) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 2 Төлеби балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      53) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 4 Сайрам балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      54) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Облыстық жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      55) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      56) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Облыстық оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      57) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      58) Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты басқармасының "Жастар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары:
      1) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 1 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      2) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 2 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      3) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 3 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      4) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 4 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:
      5) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 5 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:
      6) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 6 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      7) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 7 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:
      8) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 8 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      9) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 9 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      10) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 10 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      11) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 11 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      12) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 12 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      13) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 13 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      14) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 14 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      15) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 15 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      16) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 16 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:
      17) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 17 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      18) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 18 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      19) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 19 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      20) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Дәуренбек Құрманбек атындағы № 20 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      21) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 21 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      22) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 23 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      23) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 24 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      24) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 25 Д.Қонаев атындағы колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      25) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Экологиялық орталық" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      26) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Балалар мен жеткіншектерге арналған аймақтық оқу-практикалық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      27) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған облыстық "Тау самалы" облыстық оқу-сауықтыру орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      28) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Облыстық мектеп олимпиадаларын өткізу орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      29) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Облыстық жас туристер стансасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      30) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      31) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      32) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Шымкент аграрлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      33) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Қапланбек гуманитарлық-агроэкономикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      34) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Жаңа технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      35) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      36) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      37) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      38) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      39) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Мақтарал гуманитарлық-экономикалық және агробизнес колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      40) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Кентау көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      41) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Оңтүстік Қазақстан саз колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады