"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес Арыс қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. Арыс қаласының Дермене ауылдық округінің Дермене, Теміржолшы, Орманшы елді мекендерін жалғастыратын аспалы жаяу жүргінші көпір аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Ақтаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
С.Ертай |