Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы "Бәйдібек ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балалардың жалпы білім беретін мектептерге тасмалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" № 459 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 40 бабы 2 тармағының 4 тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37 бабы 8 тармағына сәйкес Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы "Бәйдібек ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балалардың жалпы білім беретін мектептерге тасмалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" № 459 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3445 тіркелген,) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Жанғазиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі: Б.Көшербай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады