Бәйдібек ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшітерін жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 214 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бәйдібек ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуы Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының заң бөлімшесінің басшысы О.Амаловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау Бәйдібек аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Жанғазиевке жүктелсін.
      Аудан әкімі: Б.Көшербай

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 24 мамырдағы
№ 214 қаулысына қосымша

Бәйдібек ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының тізбесі

      1. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 80 "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2576 тіркелген, "Шаян" газетінің 2014 жылғы 30 наурызда жарияланған) қаулысы;
      2. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 наурыздағы № 48 "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3645 тіркелген, "Шаян" газетінің 2016 жылғы 30 наурызында жарияланған) қаулысы;
      3. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы "Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы № 192 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3061 тіркелген, "Шаян" газетінің 2015 жылғы 27 сәуірде жарияланған) қаулысы
      4. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы "Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 191 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3076 тіркелген, "Шаян" газетінің 2015 жылғы 27 наурызда жарияланған) қаулысы;
      5. Бәйдібек ауданы әкімдігінің "Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 191 қаулысына өзгерістер енгізу туралы № 461 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3436 тіркелген, "Шаян" газетінің 2015 жылғы 11 желтоқсанда жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады