"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 191 "Бәйдібек ауданы әкімдігінің "Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3076 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурыздағы "Шаян" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ереженің 10 және 13 тармақтарының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Әбілдабекке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін | |
Уақытша атқарушы: | А.Темір |