Отырар ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 173 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Отырар ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Әлішке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е.Айтаханов

  Отырар ауданы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 17 мамырдағы
№ 173 қаулысына қосымша

Отырар ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық
қаулылардың тізбесі

      1. Отырар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 502 "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2425 болып тіркелген "Отырар алқабы" газетінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 103-104 (7902) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      2. Отырар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 503 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2426 болып тіркелген, "Отырар алқабы" газетінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 103-104 (7902) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      3. Отырар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 ақпандағы № 130 "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3590 болып тіркелген "Отырар алқабы" газетінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 8 (8019) нөмірінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады