«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы Заңының 37 бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабына, «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайрам ауданы әкімдігінің 13 мамыр 2015 жылғы № 362 ««Б» корпусындағы Сайрам ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және ауыл округі әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3213 тіркелген, 26 маусым 2015 жылы «Мәртөбе» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрғынбековке жүктелсін.
Аудан әкімі У.Қайназаров