"Созақ аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Созақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 162 шешімін және ""Созақ аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Созақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 162 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Созақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 242 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы № 24 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Заңының 7-бабының 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Созақ аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Созақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 162 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2623 тіркелген, 2014 жылы 7 мамырда "Созақ үні" газетінде жарияланған).
      2. ""Созақ аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Созақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 162 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Созақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 242 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3116 тіркелген, 2015 жылы 29 сәуірде "Созақ үні" газетінде жарияланған).
      Аудандық мәслихат хатшысы Б.Байғараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады