"Созақ аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Созақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 162 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 242 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 сәуірде № 3116 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы № 24 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 23.06.2016 № 24 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2015 жылғы 26 ақпандағы шығыс № 2-26-3/613 санды хатына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Созақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 162 "Созақ аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2623 тіркелген, 2014 жылы 7 мамырдағы "Созақ үні" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Созақ аудандық мәслихатының регламентінде:
       7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихатының кезекті
      ХL сессиясының төрағасы А.Өмірбеков
      Аудандық мәслихатының хатшысы М.Исаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады