Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Түлкібас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қазандағы № 44/3-05 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3426 нөмірмен тіркелген, «Шамшырақ» газетінде 2015 жылдың 20 қарашасында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А.Нұранов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы А.Сапаров