Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 37-бабына, "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына, 44-бабының 2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4401 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпандағы № 23 (17263) "Дидар", 2016 жылғы 27 ақпандағы № 23 (19775) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
Шығыс Қазақстан облысының | |
әкімі | Д. Ахметов |