"Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 08 қаңтардағы № 1 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 ақпанда № 4401 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 05 шілдедегі № 196 қаулысымен

      Ескерту.  Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 05.07.2016 № 196 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және 39-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (Қ.М. Тұмабаев) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.А. Сақтағановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2016 жылғы "8" қаңтардағы
№ 1 қаулысымен
бекітілген

"Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шығыс Қазақстан облысындағы стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 
      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Басқарманың егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітеді.
      8. Заңда тұлғаның орналасқан жері: индексі 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Максим Горький көшесі, 40.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Шығыс Қазақстан облысының бюджетінен жүзеге асырылады.
      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері

      13. Басқарманың миссиясы – бұл экономикалық саясатты, сондай-ақ облыстың бәсекеге қабілеттілігінің сапалы деңгейіне және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімге қол жеткізуге жағдай жасайтын мемлекеттік жоспарлау мен басқарудың тұтас, тиімді жүйесін іске асыру.
      14. Басқарманың міндеттері:
      1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
      2) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара байланыстыра отырып, бюджеттік және инвестициялық саясатты іске асыру;
      3) өңірлік даму саласындағы саясатты іске асыру.
      15. Басқарма функциялары:
      1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның, мүдделі орталық мемлекеттік органдардың келісуімен Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеу;
      2) Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылу мониторингі;
      3) әлеуметтік – экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу және облыстық әкімдіктің мақұлдауына енгізу, оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
      4) ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын келісу;
      5) ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларын әзірлеу және бекіту;
      6) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау;
      7) шығыстардың бағыттары мен оларды облыстық бюджеттен, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін айқындау;
      8) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін айқындау;
      9) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау;
      10) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін және бекітетін бюджеттік бағдарламаларды келісу;
      11) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкес келуі тұрғысынан қарау;
      12) төмен тұрған бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталатын бюджеттік кредиттерді қоспағанда, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындау;
      13) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламалары жобаларын қарау;
      14) бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастыру және оларды бюджет комиссиясының қарауына жіберу;
      15) облыстық бюджет жобасын жасау және оны облыстың бюджеттік комиссиясының қарауына енгізу;
      16) облыстық бюджеттің жобасын жергілікті атқарушы органдарының қарауына ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей ұсыну;
      17) жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдары қаулыларының жобаларын әзірлеу;
      18) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу тәртібіне сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеменің негізінде бюджеттік инвестициялық жобаны қарау;
      19) инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытынды дайындау;
      20) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарау және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жіберу;
      21) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындысын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындау;
      22) бюджеттік инвестициялық жобаны тиісті бюджет жобасына енгізу үшін іріктеу;
      23) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы мен экономикалық қорытынды негізінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеуді жүзеге асыру және қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына жіберу;
      24) олардың техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ, оларға қажетті сараптамалар жүргізу тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру;
      25) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын мониторингі және оны бағалау;
      26) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, концессиялық ұсыныстар бойынша, конкурстық құжаттама бойынша, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде, концессионердi таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер бойынша, концессия шарттары жобалары бойынша, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде қорытындылар әзірлеу;
      27) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда сараптама жүргізу үшін заңды тұлғаларды айқындау туралы облыс әкімдігі актісінің жобасын әзірлеу;
      28) бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша, сондай-ақ олардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру;
      29) тиісті сараптамалар мен келісулер негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастыру және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізу;
      30) тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастыру;
      31) коммуналдық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша жасалған концессия шарттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
      32) егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, конкурстық құжаттаманы және концессия шарттарын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша келiсу;
      33) коммуналдық меншiкке жататын және тiзбеде көзделген концессия объектiлерiне қатысты конкурс ұйымдастыру;
      34) комиссияның шешiмi негiзiнде коммуналдық меншiкке жататын және тiзбеде көзделген концессия объектiлерi бойынша концессия шартын жасасу;
      35) коммуналдық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша концессия шарттарының мониторингін, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру және мониторинг пен бақылау нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
      36) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастыру;
      37) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингі және оны бағалау;
      38) коммуналдық меншiкке жататын концессия объектілеріне қатысты комиссияны құру және ол туралы ереженi бекiту туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;
      39) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері.
      1) Басқарманың мыналарға:
      өңірлік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша облыс әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
      бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасының бюджеттік өтінімдерді жасау жөніндегі бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда оны бюджеттік бағдарлама әкімшісіне қараусыз қайтаруға;
      өзінің құзыреті шегінде ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға және мемлекеттік органдарға ұсынуға;
      өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар мен өзге ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттар сұрауға және алуға;
      сараптама жасау және кеңес алу үшін жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
      облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүлік құрамындағы, уәкілетті органы Басқарма болып табылатын акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) Басқарма:
      өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға;
      Басқарманың алдына қойылған міндеттер мен функцияларды толық көлемде орындауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа міндеттерді орындауға міндетті.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      17. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Басқарма басшысы жүзеге асырады.
      18. Басқарма басшысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. Басқарма басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады;
      3) Басқарманың барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      4) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың, мүддесін білдіреді, мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіруге сенімхаттар береді;
      5) Басқарманың бөлімдері туралы ережені, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде тиісті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
      7) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
      21. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарма және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдар тізбесі

      "Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады