Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 2251 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сай Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңгерлік бөлімі апта мерзімінде әділет органына осы қаулының көшірмесін қоса ұсынумен әкімдік қаулыларының күші жойылды деп танылғандығы жөнінде хабарлау бойынша шаралар қабылдасын.
      3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімі, "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі апта мерзімінде ресми жариялау көздеріне қаулының көшірмесін қоса ұсынумен әкімдік қаулыларының күші жойылды деп танылғандығы жөнінде хабарлау бойынша шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Е.А. Шурмановқа жүктелсін.
      Өскемен қаласының
      әкімі Е. Аймұқашев

  Өскемен қаласы
әкімдігінің 2016 жылғы
"19" қыркүйек
№ 2251 қаулысына
қосымша

Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 5071 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2880 тіркелген, 2013 жылдың 21 ақпанында "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
      2. Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 4379 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 5071 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3237 тіркелген, 2014 жылдың 1 ма-мырында "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде, 2014 жылдың 4 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.
      3. Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 2 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 5071 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4548 тіркелген, 2016 жылдың 2 мау-сымында "Алдаспан", "Устинка" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
      Өскемен қаласы әкімі
      аппаратының басшысы Е. Шурманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады