Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 5071 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 4379 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 сәуірде № 3237 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 2251 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 19.09.2016 № 2251 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 34-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 5071 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2880 тіркелген, 2013 жылдың 21 ақпанында "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарын бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының
      әкімі Т. Қасымжанов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады