Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 14803 қаулысы

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 10.03.2016 № 15227 қаулысымен.
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1, 43-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 6971 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2969 тіркелген, 2013 жылғы 13 маусымда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
      2) Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 4378 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 6971 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3236 тіркелген, 2014 жылғы 01 мамырда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 10.03.2016 № 15227 қаулысымен.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңгерлік бөлімі апта мерзімінде әділет органына осы қаулының көшірмесін қоса ұсынумен әкімдіктің қаулысының күші жойылғандығы туралы хабарласын.
      3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімі, "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі апта мерзімінде ресми жариялау көздеріне қаулының көшірмесін қоса ұсынумен әкімдік қаулысының күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын..
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Е.А. Шурмановқа жүктелсін.
      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады