Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 14803 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 6971 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 наурыздағы № 15227 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабының 8-тармағына, 43-1-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 14803 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 6971 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өскемен қаласы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 6971 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2969 тіркелген, 2013 жылғы 13 маусымда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
      2) Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 4378 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 6971 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3236 тіркелген, 2014 жылғы 01 мамырда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысы.".
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңгерлік бөлімі апта мерзімінде әділет органына осы қаулының көшірмесін қоса ұсынумен енгізілген өзгерістер туралы хабарласын.
      3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімі, "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі апта мерзімінде ресми жариялау көздеріне қаулының көшірмесін қоса ұсынумен енгізілген өзгерістер туралы хабарласын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Е.А. Шурмановқа жүктелсін.
      Өскемен қаласының
      әкімі Т. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады