РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындықтар көретін халықтың түрлі топтарына мемлекеттік кепілдіктер және қолдау жүйесін кеңейту мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тұрғындардың нысаналы топтар құрамына кіретін тұлғалар тізімін осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | Т. Мүсәпірбеков | ||||||||
|
|
Тұрғындардың нысаналы топтар құрамына кіретін тұлғалар тізімі
1. Табысы аз адамдар;2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамкорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7. Мүгедектер;
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10. Оралмандар;
11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14. Терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
15. 50 жастан асқан әйелдер;
16. 55 жастан асқан ер адамдар;
17. Ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар.