Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 288 "Аягөз ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3965 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Рғаеваға жүктелсін.
Аудан әкімі | Б.Байахметов |