1. Бесқарағай аудандық әкімдігінің төмендегі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет, ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 542 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 29 қаңтарда № 3186 нөмірімен тіркелген);
2) "Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 542 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2014 жылғы 31 наурыздағы № 111 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 4 мамырда № 3284 нөмірімен тіркелген).
2. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бесқарағай ауданының әкімі | Н.Токсеитов |