"Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 542 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 111 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 мамырда № 3284 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 ақпандағы № 48 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 08.02.2016 № 48 қаулысымен (қол қойылған үнінен бастап күшіне енеді).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 18-бабы 2) тармақшасына, 238-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ауылдық жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Бесқарағай аудандық әкімдігінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3186 тіркелген, 2014 жылғы 15 ақпанда "Бесқарағай тынысы" газетінің № 16 санында жарияланған) 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 542 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет, ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет, ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.";
      көрсетілген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Е. Е. Рахметуллинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Н. Сыдықов
 
 
 
 
"КЕЛІСІЛДІ":
 
 
 
 
 
Бесқарағай аудандық
 
мәслихатының хатшысы
К. Садыков
 
"31" наурыз 2014 жыл

      

  Бесқарағай аудандық әкiмдiгiнiң
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 542 қаулысына қосымша
Бесқарағай аудандық әкiмдiгiнiң
2014 жылғы "31" наурыз
№ 111 қаулысына 4 қосымша

"Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесiнiң ауылдық
жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген
ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Директор;
      2. Директордың орынбасары;
      3. Филиалдың директоры;
      4. Ветеринарлық пункт меңгерушісі;
      5. Мал дәрігері;
      6. Мал фельдшері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады