Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық акілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27 бабы негізінде, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қосымшаға сәйкес Глубокое ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
К. Байгонусов |
Глубокое ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 07 қыркүйек № 301 қаулысына қосымша |
Глубокое ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының Тізбесі
1. "2016 жылға арналған Глубокое ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Глубокое ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 569 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 20 қаңтарда № 4353 болып тіркелген.2. "2015 жылға арналған Глубокое ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Глубокое ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы № 110 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 26 наурызда № 3776 болып тіркелген.
3. "Глубокое ауданы бойынша 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Глубокое ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 1150 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 22 шілдеде № 3407 болып тіркелген.
4. "2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұймдастыру мен қаржыландыру туралы" Глубокое ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 22 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 11 ақнадға № 3675 болып тіркелген.