2016 жылға арналған Глубокое ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы N 569 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қаңтарда N 4353 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 301 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 07.09.2016 № 301 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына, сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға арналған Глубокое ауданының аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) аз қамтылғандар;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
      15) маскүнемдік және (немесе) нашақорлықтан емдеу курсын өткен адамдар;
      16) ұзақ уақыт (алты айдан аса) жұмыс істегемеген адамдар;
      17) бұрын жұмыс істемеген (еңбек өтілі жоқ) адамдар;
      18) отбасында бірде-бір жұмысшысы жоқ адамдар;
      19) жалғыз тұратын адамдар;
      20) қырық бес жасқа толған және жасы асқан адамдар;
      21) зейнетақы жасына жеткенше 50 жастан асқан адамдар;
      22) өнімсіз еңбекпен айналысқан, өзін-өзі қамтыған халық.
      2. "Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және Глубокое аудандық әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың уақытша жұмысқа орналасуын қамтамасыз етсін және оларды жұмысқа орналасуда жәрдемдессін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары С. С. Жұмаділовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Глубокое ауданының әкімі А. Бекбосынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады