Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі "Азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 165 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 16 қаулысы

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі "Азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 165 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4083 болып тіркелген, аудандық "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газетінің 2015 жылғы 6 қыркүйектегі № 71 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудан әкімі Р. Сагандыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады