Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 сәуірдегі "2014-2016 жылдарға арналған Көкпекті ауданының коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы" № 74 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 наурыздағы № 62 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Заңының 40 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 сәуірдегі "2014-2016 жылдарға арналған Көкпекті ауданының коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы" № 74 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3939 болып тіркелген, аудандық "Жұлдыз"- "Новая жизнь" газетінің 2015 жылғы 14 маусымдағы № 47 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудан әкімі Р. Сагандыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады