РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіруге жататын Көкпекті аудан бойынша коммуналдық меншік ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. "Көкпекті ауданының қаржы бөлімі", "Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі", "Көкпекті ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" және "Көкпекті ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын заңнамамен белгіленген шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Ж. Акимоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкпекті ауданының әкімінің | |
міндетін атқарушы | Р. Сагандыков |
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015жылғы 08 сәуірдегі № 74 қаулысына қосымша |