Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 182 "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3388 болып тіркелген, 2014 жылы 17 шілдедегі аудандық "Тарбағатай" газетінің № 59 (7853) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің аппарат басшысы Е. К Ескендировқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Д. Оразбаев |