РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2), 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жұмыс орындарының жалпы санының:
1) мүгедектер үшiн үш процент мөлшерiнде;
2) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін бір процент мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ. Мауадиновқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | С.Жақаев |