"Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 400 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 шілдеде № 4077 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 07 маусымдағы № 270 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 07.06.2016 № 270 қаулысымен.
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Жақаев

  Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "26" маусымдағы
№ 400 қаулысымен бекітілген

"Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік органы болып табылады, Тарбағатай ауданы аумағында ветеринария саласына басшылықты жүзеге асырады.
      2. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және зандарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егерзаңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071500, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Амангелді көшесі, 1.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесініңқұрылтайшысы Тарбағатай ауданының жергілікті атқару органы тұрғысында мемлекет болып табылады.
      12. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Тарбағатай ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      кәсіпкерлік субъектілерімен орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді жәнеҚазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесініңмиссиясы: ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағытын іске асыруды қамтамасыз ету.
      16."Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      2) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4)Тарбағатай ауданының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою.
      17. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) қанғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;
      2) ветеринариялық (ветеринариялық –санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымен (биотермиялық шұңкырларды ) салуды ұйымдастырады және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
      3) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастырады;
      4) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды , жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырады (зарарсыздандырады) және қайта өңдейді;      
      5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін,алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;
      6) Тарбағатай ауданының шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      7) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп – қарауды жүргізеді;
      8) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;
      9) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын)және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын(тасымалданатын)объектілерді тасымалдау(орнын ауыстыру),тиеу,түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй – жайларында және қызметіне жүзеге асырады;
      10) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектілерді күтіп – ұстауға, өсіруге,пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай – ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық - санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      11) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды;
      12) Тарбағатай ауданының аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс – шаралар өткізуді ұйымдастырады;
      13) уәкілетті орган бекітетінтізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай – ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс – шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады;
      14) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс – шаралар өткізуді ұйымдастырады;
      15) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастырады;
      16) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай – ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
      17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      18. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басқару "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысымен жүзеге асырылады.
      20. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6) Тарбағатай ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлықа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада және осы ережеде өзгеше көзделмесе, "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік органның басқаруындағы ұйымдардың тізілімі

      26. Тарбағатай ауданының "Ветеринария қызметі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады