Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 221 "Ұлан ауданының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3860 нөмірімен 2015 жылғы 10 сәуірде тіркелген, аудандық "Ұлан таңы" газетінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 39-40 санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Абдыкаримовқа жүктелсін.
Ұлан ауданы әкімінің міндетін | |
атқарушы | Д. Батырбаев |