Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 6 "2016 жылға Ұлан ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 196 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 6 "2016 жылға Ұлан ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4413 тіркеліп, 2016 жылғы 11 наурызда № 12 (7961) "Ұлан таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Мамырбаеваға жүктелсін.
      Ұлан ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Қажанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады