Үржар аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 09 маусымдағы № 3-34/VI шешімі

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған. 
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Үржар аудандық мәслихатының келесі шешімдердің күші жойылсын:
      1) 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 32-376/V "Үржар ауданының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің құрамын бекіту туралы";
      2) 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2-21/VI "Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 04 наурыздағы "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Үржар ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 41-485/V шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы".
      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Н.Жақиянова
      Үржар аудандық
      мәслихатының хатшысы К.Карашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады